Қасым-Жомарт Тоқаев: Таза ауыз су әрбір үйде болуы міндет
Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Келесі өзекті мәселе – халықты сумен қамтамасыз ету. Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы міндет», – деді Президент.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керектігін тапсырды.