Жамбыл Ахметбеков – sailau2019.qaz

Жамбыл Ахметбеков

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының үміткері

Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков – 1961 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған.

1983-1987 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары космсомол комитетінің хатшысы.

1987-1990 жылдар аралығында – Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы.

1990-1992 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1992-1994 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1994-1997 жылдар аралығында – Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1997-1998 жылдар аралығында – автомобилге жанар-жағар май құю стансасының механигі.

1998-2001 жылдар аралығында – Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейының взвод командирі, директордың әскер-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары.

2001-2002 жылдар аралығында – Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары.

2002-2003 жылдар аралығында – аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.

2003-2005 жылдар аралығында – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы.

2005-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.

2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. Отбасылы, төрт баласы бар.