Таразда Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған концерт өтті – sailau2019.qaz

Таразда Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған концерт өтті

Концертке профессор-оқытушылар құрамы, партия саяси кеңес мүшелері, қала тұрғындары мен жастар қатысты, деп хабарлайды sailau2019.kz Партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концертті Балғабаев Нұрлан Нұрмаханұлы «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі ашты. Өз сөзінде ол Төлеутай Сатайұлының өмір жолына, сайлау алды бағдарламаларына тоқталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдауын сұрады.