Төлеутай Рақымбеков – sailau2019.qaz

Төлеутай Рақымбеков

Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған кандидат

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу қала типтес кентінде туған.

Қазақ ауылшаруашылық институтын (1986) инженер-механик мамандығы бойынша үздік, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу қаласы, 1992), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының докторы (2005).

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан АӨК өңдеу кешендерін қалыптастыру және дамыту».

1986 жылдан – Қазақ ауылшаруашылық институтының кіші ғылыми қызметкері, аспиранты.

1987 жылдан – Жезқазған облысы Жаңаарқа ауыл шаруашылығын механикаландыру және материалдық-техникалық жабдықтау кәсіпорнының (ауданауылшартехника) инженер-ақау жөндеушісі, цех шебері, аға бақылаушы шебері, аға инженер-технологы.

1989 жылдан – Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электр- лендіру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты.

1992 жылдан – «Жазира» ШЖК директоры, «Дана» ШЖК директоры, «ДанаБизнес» шағын бизнес орталығы» АҚ президенті, «Жезқазған облыстық шағын және орта бизнес орталығы» ЖШС бас директоры.

1999 жылдан – Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан – О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің кафедра доценті.

2002 жылдан – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Басқарма бастығы, Департамент директоры.

2006 жылдан – ҚР Көлікжәне комму- никациялар министрлігінің Департамент директоры.

2007 жылдан – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті.

2009 жылдың наурызынан – ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі.

2009 жылдың қарашасынан – «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту ортағы» АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылдың желтоқсанынан бері – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты (1999-2003).

2 медальмен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы – Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы.

Қыздары – Әлия (1987 жылы туған), Айбота (1996 жылы туған).