Сәдібек Түгел – sailau2019.qaz

Сәдібек Түгел

«Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президент сайлауына кандидат

Сәдібек Түгел 1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді.

Ұлттық құндылықтардың ұлықтаушысы, зерттеушісі, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.

Сәдібек Түгел 1962 жылы туған ауылындағы Аманкелді бастауыш мектебінің бірінші сыныбына барып, 1966 жылы 4-ші сыныпты бітірді. Шымқора ауылындағы Жамбыл орта мектебін 1972 жылы бітіріп, сол жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. 1980 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінен жоғары білімді «журналист» деген мамандық алды.

1973 жылы мамыр айында Совет Армиясы қатарына шақырылды. Әскери міндетін Совет Армиясының Қарулы Күштерінің Германиядағы тобында атқарды. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады. Екі жыл Алматы қаласындағы мақта-мата иіру фабрикасында слесарь болып жұмыс істеді. 1977-1978 жылдары аудандық «Өркен-Расцвет» газетінде аудармашы, 1979 жылдары Ұлан аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1979-1984 жылдары аудандық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, 1984-1988 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.

1988-1990 жылдары Жоғары партия мектебінде екі жыл күндізгі бөлімінде оқып, «политолог», «социолог» деген мамандықтарға ие болды. 1990-1992 жылдары аудандық бақылау комитетінің төрағасы және басқа да жауапты қызметтерде болды. 1992-1994 жылдары «Ұлан Таңы – Уланские Зори» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. 1994-1998 жылға дейін Алматы қаласында «Қазақстан Телевидениесі мен Радиосы» корпорациясында жауапты қызметтерді атқарды.

1998 жылдың басында Жаңа Елордамыздың тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

С. Түгелдің тікелей атсалысуымен жаңа Астананың баспасөзінің негізі қаланып, іргетасы салынды. Көптеген жаңа Бұқаралық Ақпарат Құралдары құрылды, астаналық ақпарат кеңістігі қалыптасты. Сәдібек Түгел Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығын ашып, 1000-нан астам баспасөз маслихаттарын, брифингтер, кеңестер және қызықты кездесулер өткізді.

Саясаттанушы ретінде 2001 жылдан 2002 жылға дейін Республикалық Халықтық-патриоттық «Менің Қазақстаным» қозғалысының төрағасы болды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық Баспасөз Орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2005 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бөлім меңгерушісі болды.

2004 жылдан бері ҚР Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының 1-ші вице-президенті, Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі негізгі ұйымдастырушысы. Қазір ол достарымен бірлесіп, дүниежүзінде теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуда. Сәдібек Түгел Астанаға арналған «Астана қаһармандары» – «Первопроходцы Астаны» атты жобаның авторы.

Астана радиосы ұйымдастырған үлкен Акцияда «Астананың 10 жылдығының қаһарманы» атағына ие болды. Ол ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Құрметті азаматы. ҚР-ның мәдениет қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2003–2005 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпаратпен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір ҚР Ұлттықат спорты түрлері федерациясыныңпрезиденті болып қызмет атқарады.

Әңгімелері газет, журналдарда жарияланып тұрады. «Қайдасың, қазағымныңқазанаты» деректі повесінің, «Асыл жиреннің киесі» әңгімелер жинағының авторы.

Шығыс Қазақстан өнер мұражайының негізгі әдеби қорында автордың«Қайдасың, қазағымның қазанаты», «Көк күмбезді Астана» атты кітаптары сақтаулы.

Сәдібек Түгел Ұлттық Спорт саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген азамат. Жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдары ҚР Ұлттық Ат спорты түрлерінің негізін қалады, алғашқы ережелерді жазды, жұмысын жетілдірді. Сәдібек Түгел бүкіл Қазақстан атбегілерінің 1995 жылы Алматы қаласында өткен тұңғыш құрылтайының инициаторы. Осы құрылтайда ұлттық ат спортының негізі қаланды.