Әміржан Қосанов Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті – sailau2019.qaz

Әміржан Қосанов Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті

ҚР Президентіне кандидат Әміржан Қосанов Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды qosanov2019.kz

Үміткер мен оның сенім білдірілген өкілдері кездесу кезінде платформаның негізгі бағыттарын атап өтіп, қонақтар құжатты толықтыруға қатысты өз идеяларымен бөлісті.

Желтоқсаншылармен кездесуде кандидат Қосанов өзінің жуық арадағы жоспарларымен бөлісті, штаб жұмысы жөнінде айтты, ортақ қоғамдық мәселелерді талқылады. Кандидат келген желтоқсаншылардың қолдауына ие болды.

Кездесу соңында қатысушылар жалпы естелік суретке түсті.