Дәния Еспаева – sailau2019.qaz

Дәния Еспаева

«Ақжол» партиясы атынан ұсынылған үміткер

Дәния Еспаева 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Тұрмыс құрған, екі баласы бар.

Алматы есеп-кредит техникумын (1982), Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген, Алматы қ-сы, (1993) (мамандығы «Экономист»).

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі (08.2008, 2012-2016 қайта сайланды),

«Ақ Жол» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат (05.02.2016)

«Ақ Жол» партиясынан VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап).

«Құрмет» ордені (2011); Медальдары: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, «Үздік қаржыгер».

Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы КСРО мемлекеттік банкінің басқармасындағы несиелендіру бөлімінде экономист болып бастаған.

Ақтөбе облысында екінші деңгейлі банктердің бірнешеуінде басшылық қызмет атқарған.