Амангелді Таспихов – sailau2019.qaz

Амангелді Таспихов

«Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің ұсынған кандидаты

Амангелді Таспихов 1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Алматы ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, бизнес құрылымдарында жұмыс істеген.

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

2019 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметін атқарады.

«Құрмет» (2005) орденімен, медальдармен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.